Сел қауіпсіздігі – басты назарда

0

Қордай ауданында табиғи қауіптердің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев сел қаупі жоғары аумақтарды аралап, олардың қазіргі жай-күйін зерделеді.

Тексеру барысында Шу өзенінің арнасы, сондай-ақ Алға және Ноғайбай ауылдарындағы сел қаупі бар учаскелер қаралды. Мамандар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алдын алу шараларын күшейту және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстарды пысықтады.

Аудан аумағындағы гидротехникалық нысандар мен қауіпті аймақтарды тұрақты бақылауда ұстау – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.