Науқан кезіндегі жүк автокөліктерінің өрт қауіпсіздігі

0

Жаз мезгілінде шөп жинау науқаны басталып, алқаптардағы шөптің толық кебуіне байланысты өрт шығу қаупі айтарлықтай артады. Әсіресе сап-сары болып қураған шөп аз ғана ұшқыннан немесе абайсыз әрекеттен лап етіп тұтануы мүмкін. Сондықтан шөп тасымалдайтын жүк автокөліктерінің жүргізушілері мен шаруа қожалықтарының иелері өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауы қажет.

Шөп тасымалдайтын автокөлік техникалық тұрғыдан толық жарамды болуы тиіс. Қозғалтқыштан жанармай немесе май ақпауы, электр сымдары бүтін болуы және шығару жүйесі ақаусыз болуы қажет. Қызған дыбыс бәсеңдеткіштен шыққан ұшқын құрғақ шөпті тұтандыруы мүмкін.

Әрбір жүк автокөлігінде жарамды өрт сөндіргіш, күрек және алғашқы өртті сөндіруге қажетті құралдар болуы тиіс.

Қатаң тыйым салынады:

Шөп тиелген автокөлік ішінде немесе оған жақын жерде темекі шегуге;

Сіріңке, темекі тұқылын құрғақ шөпке тастауға;

Автокөлікті құрғақ шөптің үстіне ұзақ уақытқа тоқтатуға;

Ашық от жағуға немесе қоқыс өртеуге.

Шөпті автокөлікке шамадан тыс тиеуге болмайды. Жүк мықтап бекітіліп, жолда шашылып қалмауы керек.

Өрт белгілері байқалса, адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарлаңыз.

Өрт қауіпсіздігін сақтау – адам өмірі мен мүлікті қорғаудың басты кепілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.