Әскердегі бір күн

0

Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында «Жас қыран» әскери-патриоттық клубының құрамымен «Әскердегі бір күн» тақырыбында іс-шара өтті.

Жастарға сапалы білім беру, оларды патриотизмге тәрбиелеу ел болашағы үшін маңызды.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында білім беру сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар қойған болатын. Бұл шара Қорғаныс министрінің әскери-патриоттық жұмыстар бойынша тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушыларға әскери бөлімнің тарихы мен әскери өмірдің қыр-сыры түсіндірілді және «Әскердегі бір күн» тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетілді. Оларға оқу-жаттығу құралдары таныстырылып, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша сабақ өткізілді. Сондай-ақ атыс қаруын бөлшектеу құрастыру және дене жаттығуы бойынша жарыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар ауған соғысының ардагері ардагерлер кеңесінің төрағасы Таласбай Терлікбаев қатысып, жас өрендерді Отансүйгіштікке шақырды.
– Ертең ел тізгінін ұстайтын жастарымыздың бойында Отанды қорғауға деген жауапкершілік сезім болу керек. Ал оның бірден-бір жолы – әскери өмірмен жастайынан таныстыру. Оқушылар арасында сайыс ұйымдастыруымыз да бекер емес, олар әскери қаруды меңгерудің ептілікті талап ететінін түсіну керек. Сонымен қатар бұл сайыс әскери-патриоттық клуб құрамымен ай сайынғы өткізілген сабақтардың нәтижесін көрсетті, – деді әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Ерлан Нұрәлин.
Шара соңында әскери бөлім командирінің орынбасары жарыстың нәтижесі бойынша үздік деп танылғандарды грамотамен марапаттады.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.