Маңғыстауда мемлекеттік қолдаудың арқасында оңалту орталығы жаңа жабдықтармен толықты

0

Маңғыстау облысында 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан оңалту орталығы 2024 жылы мемлекеттік грантқа ие болып, материалдық-техникалық базасын күшейтті. Грант қаражатына заманауи оңалту жабдықтары сатып алынып, ерекше қажеттілігі бар балалардың денсаулығын жақсарту, қимыл-қозғалысын түзету және қоғамға бейімдеу бағытындағы қызметтің сапасы артты.

«Өркениетті келешек» қоғамдық қорының директоры Гүлбаршын Карабалинаның айтуынша, мемлекеттік қолдау тек жаңа құрал-жабдық алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға серпін берген. Бүгінде орталық өңірдегі ерекше балалар мен олардың ата-аналарына сапалы оңалту қызметін ұсынып, мемлекеттің әлеуметтік жобаларды қолдауының нақты нәтижесін көрсетіп отыр.

************************

В Мангистау благодаря государственной поддержке реабилитационный центр пополнился новым оборудованием

Работающий в Мангистауской области с 2017 года реабилитационный центр в 2024 году получил государственный грант, что позволило укрепить его материально-техническую базу. На средства гранта было приобретено современное реабилитационное оборудование, благодаря чему повысилось качество услуг по оздоровлению детей с особыми потребностями, коррекции их двигательной активности и социальной адаптации.

По словам директора общественного фонда «Өркениетті келешек» Гульбаршын Карабалиной, государственная поддержка позволила не только приобрести новое оборудование, но и дала импульс развитию социального предпринимательства. Сегодня центр оказывает качественные реабилитационные услуги особенным детям региона и их родителям, демонстрируя реальные результаты государственной поддержки социальных проектов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.