Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды ұйымдастыру мәселесі Қордай ауданындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның тұрақты бақылауында.
Осыған орай комиссия мүшелері балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру барысымен танысу мақсатында «Балауса» балалар сауықтыру лагеріне барды. Зерделеу барысында лагерьдегі балалардың қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, медициналық қызметтің ұйымдастырылуы, тамақтандыру сапасы, жатын орындардың жай-күйі және тәрбиелік-танымдық іс-шаралардың өткізілуі қаралды.
Комиссия мүшелері лагерь басшылығына балалардың қауіпсіздігі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсынымдар беріп, жазғы маусымның талапқа сай ұйымдастырылуының маңыздылығын атап өтті.