Отар ауылдық округі әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандарды заңсыз еңбекке тартудың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында ауылдық округ аумағындағы кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерімен және ата-аналармен кездесулер өткізіліп, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген талаптар кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде еңбек заңнамасын қатаң сақтау, олардың еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жұмыс берушілерге заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – әрбір жұмыс беруші мен ата-ананың ортақ міндеті екені атап өтілді.
Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, жасөспірімдердің құқықтарын қорғауға және олардың заңсыз еңбекке тартылуына жол бермеуге бағытталмақ.