Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу және киберқауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға арнайы ақпараттық жадынамалар таратылып, интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді. Мамандар азаматтарға банк карталарының деректерін, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жалған хабарламалар мен әлеуметтік желілердегі күмәнді аккаунттарға сенбеу жөнінде кеңестер берді.
Сонымен қатар, тұрғындарға киберқылмыскерлердің кеңінен қолданатын тәсілдері таныстырылып, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау, сенімді құпиясөздерді пайдалану және интернет қызметтерін қолдану кезінде сақтық шараларын ұстанудың маңыздылығы айтылды.
Мұндай ақпараттық жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және қоғамда цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Ұйымдастырушылар әрбір азаматты жеке мәліметтеріне мұқият болып, күмәнді ақпараттарға сын көзбен қарауға шақырды.