Қаракемер ауылында «Ішімдіксіз ауыл» акциясы аясында дүкен иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатудың маңыздылығы түсіндіріліп, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, ішімдікке тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауылда қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру бағытында бірлескен жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.
«Ішімдіксіз ауыл» – салауатты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.