Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің туристік әлеуетін ашуға, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, кадрлық әлеуетті күшейтуге және саяхатшыларды тартатын барлық нысандарда қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі басымдықтарды айқындады. Мемлекет басшысы нақты міндеттер белгіледі: өңірлер инфрақұрылымды дамытуға, ал орталық мемлекеттік органдар Қазақстанның туристік әлеуетін шетелде танытуға, шетелдік туристер тартуға және заңнаманы жетілдіруге жауапты.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Үкімет курорттық аймақтарды жаңғыртуға, инвестицияларды ынталандыруға және көлік қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған жүйелі шаралар кешенін жүзеге асыруда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша саланың экономикаға қосқан жиынтық үлесі 5 трлн теңгеге жетіп, жұмыспен қамтылғандар саны 600 мың адамнан асты.
Соңғы жылдары инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған мемлекеттік саясат туризм саласына тартылатын қаражат көлемінің еселеп артуына мүмкіндік берді. Егер 2023 жылы капитал салымдарының көлемі 787,3 млрд теңгені құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 20,3%-ға өсіп, 947,5 млрд теңгеге жетті. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 32,6%-ға артып, 1,25 трлн теңгені құрады. Жалпы, 2024–2025 жылдары салаға 2,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, екі жыл ішінде өсім шамамен 60%-ды көрсетті.
Қазіргі уақытта республикада жалпы құны шамамен 1,3 трлн теңге болатын 328 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оларды кезең-кезеңімен енгізу 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға және халықаралық деңгейдегі 25 жаңа қонақ үй кешенін ашуға мүмкіндік береді, олардың арасында Hilton және Mandarin Oriental сияқты желілердің нысандары, сондай-ақ барлық маусымға аналған Oi-Qaragai тау курортын кеңейту жобасы бар. Жеңілдікпен несие беріп, инвестициялық преференцияларды қолдану арқылы 11 өңірде әлемдік деңгейдегі 24 қонақ үйдің құрылысын салу қосымша пысықталуда.
Сонымен қатар қолданыстағы орналастыру нысандарының желісі қарқынды дамып келеді: нысандар саны 2023 жылғы 3992-ден 2025 жылы 4482-ге дейін өсті, ал 2026 жылғы 1 сәуірде 4,5 мың бірлікке жетті. Олар көрсеткен қызметтер көлемі 2023 жылы 229 млрд теңгеден 2025 жылы 350,6 млрд теңгеге дейін артты, 2026 жылдың I тоқсанында көрсеткіш 69,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ға асып түсті.
Әуе қатынасының дәйекті түрде ашылуы және кіру рәсімдерінің оңайлатылуы шетелдік саяхатшылардың Қазақстанға тұрақты қызығушылығын тудырды. 2023 жылғы 9,2 млн-мен салыстырғанда, 2025 жылы елімізге 15,7 млн шетелдік азамат келді, оның 11,1 млн-ы туристер санатына жатқызылды. Республика ішіндегі шетелдік қонақтардың шығындары $2,9 млрд-ты құрады.
Тікелей орналастыру орындарында қызмет көрсетілген шетелдік азаматтардың саны тұрақты түрде өсті, мәселен: 2023 жылы 1 млн адамнан 2024 жылы 1,29 млн адамға және 2025 жылы 1,43 млн адамға дейін жетті. 2025 жылы келуші туристер ағынының ең үлкен динамикасын Алматы (+29,7%), Жетісу (+25,88%) және Қызылорда (+25,5%) облыстары көрсетті. Туристік ағынның өсуіне ҚХР-дан келетін сапарларды оңайлату елеулі үлес қосты: жыл қорытындысы бойынша Қытайдан келушілер саны 46,8%-ға артып, 960 мың адамнан асты. 2026 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан 7 млн шетелдік туристерді қабылдады, ондағы қонақтардың негізгі үлесін Өзбекстан – 2,5 млн, Қырғызстан – 1,6 млн және Ресей – 1,5 млн құрады.
Ішкі туризм де тұрақты өсім көрсетіп отыр. Ел ішінде саяхаттаған Қазақстан азаматтарының ағыны 2023 жылғы 7,1 млн адамнан 2024 жылы 7,8 млн адамға және 2025 жылы 8,7 млн адамға дейін өсті, яғни бір жылда 10,7%-ға артты. 2026 жылдың I тоқсанында орналастыру орындарында 1965 мың адамға қызмет көрсетілді (+2,3%), олардың 802 мыңнан астамы негізгі курорттық аймақтарды таңдаған.
Primeminister.kz