🏡 «ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ»

0

Әлжан ана ауылының тарихи музейінде №23 Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің 8 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа отбасы құндылықтарының маңызын түсіндіру, ата-анаға деген құрметті, отбасындағы сыйластық пен жауапкершілікті дәріптеу.

Кездесу барысында оқушылар музей экспозицияларымен танысып, отбасы тәрбиесі, үлкенді сыйлау, еңбекқорлық пен адамгершілік туралы ой бөлісті. Музейдің экранында отбасы құндылықтарына арналған бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.

Кездесуге арнайы қонақтар – Жаналинова Сағымжан Жаналиевна ,Әлжан ана ауылының музей қызметкері Маралбаев Болат Әбзелтайұлы және Мәдениет үйінің қызметкері Абильдаев Бақыт Жақанұлы аға қатысып, оқушыларға өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, тағылымды әңгімелер айтты. Оқушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.

Сонымен қатар, оқушылар топтық жұмыстар орындап, «Бақытты отбасының 5 белгісі», «Отбасындағы менің міндетім», «Ата-ананы қалай қуантуға болады?» тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.

❤️ Отбасы – адамға мейірім мен жылулық сыйлайтын, тәрбиенің негізі қаланатын қасиетті орта. Отбасындағы сыйластық пен татулықты сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

«Отбасы – бақыттың бастауы, тәрбиенің алтын бесігі!»

#ОтбасыБақытМекені #ӘлжанАнаМузейі #ТәрбиеСағаты #ОтбасылықҚұндылықтар #8Асынып АдалАзамат ҰлттықҚұндылық Тәрбие Музей

Leave A Reply

Your email address will not be published.