Astana AI Film Festival әлемдегі AI-фильмдер арасындағы ең ірі байқауға айналды

0

Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) жасанды интеллект технологияларының көмегімен түсірілген фильмдер арасындағы ең ірі халықаралық байқауға айналды. Өтінімдерді қабылдау қорытындысы бойынша фестивальге әлемнің 125 елінен 8 067 жұмыс келіп түсті. Ұсынылған контенттің жалпы хронометражы 100 мың минуттан асады, ал фестивальдің жалпы қоры $2 млн-ды құрайды. Оның $1 млн-ы жүлде қорына, тағы $1 млн-ы әлеуеті жоғары AI-командаларға инвестиция ретінде қарастырылған. Бұл жайлы фестивальдің тең құрылтайшылары Алмаз Жали мен Айзат Кусаинов Астанада өткен брифингте мәлімдеді.

Өтінім қабылдау қыркүйек айының басында аяқталды. Барлық өтінімнің шамамен 40%-ын (3 138 фильм) авторлар AAIFF негізгі тақырыбы – The Future Worth Living In («Өмір сүруге тұрарлық болашақ») бойынша әзірлеген. Тағы 4 929 жұмыс ашық конкурстық бағдарламаға ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.