🟦Бұдан кейін Президент Қазақстанның экономикалық жаңғыру стратегиясына егжей-тегжейлі тоқталып, қазақ-корей қарым-қатынасын одан әрі ілгерілететін басым бағыттарды атады.
– Өнеркәсіп саласындағы ықпалдастық экономикалық серіктестігіміздің берік негізіне айналды. Бүгінде ортақ портфельде автомобиль құрастыру, машина жасау, металлургия және басқа да салаларды қамтитын 51 бірлескен жоба бар. Олардың жалпы құны 4 миллиард доллардан асады. Кореялық компаниялардың тәжірибесі Қазақстанның бәсекеге қабілетті әрі сенімді өндіріс алаңы екенін анық дәлелдеді. Былтыр елімізде 170 мыңға жуық автомобиль шығарылды. Бұл – ұлттық деңгейдегі рекорд. Оның басым бөлігі Hyundai және Kia компанияларына тиесілі.