ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ

0

Ауруды асқындырмай, дер кезінде анықтау – медициналық көмектің нәтижелілігіне тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Осы бағытта Жамбыл облысында халықты скринингтік тексерулермен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

2026 жылдың 8 айында жүрек-қантамыр ауруларын ерте анықтау бойынша жоспарланған 100 322 адамның 78 561-і тексеруден өтті. Нәтижесінде 5 196 адамнан ауру белгілері анықталып, олардың 97,6%-ы диспансерлік бақылауға алынды.

Қант диабеті бойынша да 78 561 адам скринингтен өтіп, 1 082 жағдай анықталды. Анықталған науқастардың 98,5%-ы әрі қарай медициналық бақылауға алынған.

Глаукоманы ерте анықтау мақсатында жүргізілген тексеру барысында 58 жағдай тіркеліп, анықталған науқастардың барлығы диспансерлік есепке қойылды.

Скринингтің басты мақсаты – ауруды алғашқы кезеңінде анықтап, медициналық бақылау мен қажетті емді дер кезінде ұйымдастыру. Сондықтан профилактикалық тексеруден өту – өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызды бөлігі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.