Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді.

0

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға дайын.
Қайырымдылық бастамасына еліміздің өңірлерінің бизнес өкілдері болып табылатын Кеңестің 17 мүшесі қосылды. Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының хабарлауынша, қаражат тікелей қаза тапқандардың отбасыларына берілетін болады.

Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен Integra Construction KZ бас директоры Шахмурат Муталип қаза тапқан әскери қызметшілердің әрбір отбасына 25 млн теңгеден жолдайды.

SA Construction Group бас директоры Гаджи Гаджиев отбасыларға көмекке 100 млн теңге, Karazhal Operating негізін қалаушы Жұмабек Жанықұлов – 50 млн теңге бөледі. 10 млн теңгеден Бақыт Атайбеков, Дмитрий Лактюшин және Имамзада Шағыртаев бөледі

Leave A Reply

Your email address will not be published.