«ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА

0

Жамбыл, Степное және Қордай ауылдық округтерінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Қоғаммен байланыс» акциясы аясында ауқымды қоғамдық қабылдау өтті. Бұл маңызды шара Қордай аудандық прокуратура-сының ұйытқы болуымен өткізілді.

Ашық пікірлесу алаңына айналған қабылдауды аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков, прокуратура қызметкерлері, аудандық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Үдергенов, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев және салалық бөлімдер мен мекеме басшылары жүргізді.

Аталған елді мекендердің тұрғындары кездесуде құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау төңірегінде өздерін толғандырған түйткілді сұрақтарын қойып, құзырлы орган өкілдерінен нақты жауаптар алды.

Үш ауылдық округте өткен алқалы жиынға жүздеген жергілікті тұрғын қатысып, көкейкесті мәселелерін билік өкілдеріне тікелей жеткізуге мүмкіндік алды. Халықпен тығыз байланыс орнатуға бағытталған бұл нәтижелі акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.