2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру тәртібі салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және экология бойынша үстемеақыларды есептемегенде пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35%-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды. Осы орайда, Варов Шамиль Шербаевич аудандық жұмыспен қамту орталығына жыл басында қайырылып, жұмыссыздар қатарына тіркелген болатын. Көп ұзамай 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында аталған азамат өз қалауымен әлеуметтік жұмыс орнын ашқан «KORDAY FISH» ЖШС-на жұмысқа жолданды. Оған жалақының белгіленген мөлшерінің 35%-ын мемлекет қалған 65%-ы жұмыс беруші тарапынан төленіп жатыр. Яғни, бұл бағдарлама жұмыс іздеп жүрген азаматтарға және жұмыс берушілер үшін де өте қолайлы.
Алдағы уақытта жұмыс берушілердің назарына, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға халықты жұмыспен қамту орталығына барып, өтінім берулеріңізге болады. Бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендер халықты жұмыспен қамту орталығына қайырылуға немесе 4-84-96 телефон нөмірі арқылы қосымша мәлімет ала алады.