2 қазанда AI & Digital Bridge 2026 форумына 25 мыңнан астам адам келді.

0

Іскерлік бағдарламаға 300-ден астам спикер, соның ішінде 90-нан астам шетелдік сарапшы қатысып, 60-қа жуық панельдік сессия өтті. Көрме алаңында Startup Alley аймағында 90-нан астам стартап, 49 IT-компания және 50 жеке стенд пен павильон ұсынылды. Сондай-ақ технология, инвестиция, білім беру және халықаралық ынтымақтастық салаларында 40-тан астам меморандумға қол қойылды.

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технологиялар мен капитал үшін жаһандық бәсеке, мемлекеттің цифрлық трансформациясы, инфрақұрылымды дамыту, адами капитал және технологиялық кәсіпкерлік сияқты қазіргі заманғы жасанды интеллект күн тәртібінің негізгі бағыттарын қамтыды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.