Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 5 қазан – Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған

0

«Ұстаз – ұлт келбеті» атты мерекелік іс-шараға қатысып, өңірдің білім беру саласында жемісті еңбек етіп жүрген педагогтер мен сала ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын «Баласағұн» орталық концерт залында өтті. Мерекелік кешке білім беру саласының үздіктері, тәжірибелі ұстаздар, сала ардагерлері, мектеп директорлары, колледж басшылары, әдіскерлер мен жас педагогтер қатысты.

Салтанатты шара ұстаз мәртебесі мен оның қоғамдағы айрықша орнын арқау еткен театрландырылған көрініспен ашылды. Көрермендер назарына Жамбыл облысының білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен қол жеткізілген жетістіктерді қамтитын арнайы бейнеролик ұсынылды. Онда өңірдегі білім беру ұйымдарының дамуы, заманауи мектептердің бой көтеруі, педагогтердің кәсіби жетістіктері және оқушылардың республикалық, халықаралық деңгейдегі нәтижелері көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.