Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны, сыршыл жырдың саңлағы Күләш Ахметованың 80 жылдығына орай

0

Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы сөз болып, оның қазақ поэзиясындағы орны мен өзіндік қаламгерлік қолтаңбасы туралы тағылымды ойлар айтылды. Кештің шымылдығы ақынның мерейтойына арнайы жолданған Дидар Апбасовтың арнауымен ашылды.

Әдеби кешке жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан журналистер одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібайұлы, ақынның өмірлік жары Қайырбек Асанов және ақын Назерке Оңғар Сайлауқызы қатысты. Қонақтар Күләш Ахметованың шығармашылығы, өмір жолы мен азаматтық болмысы туралы естеліктерімен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.