Қазіргі таңда өңірдегі 160 ветеринариялық пункттің барлығы препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен және компьютерлермен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Сонымен қатар Тараз қаласы мен аудандардағы ветеринариялық бөлімдерге қажетті техника жеткізілді. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы екі және аудандық 10 ветеринариялық бөлімге ноутбуктер мен принтерлер берілді.
Өткен жылы облыстық бюджет есебінен ветеринариялық қызметке арналған 100 «Нива» автокөлігі сатып алынды. Оған 820 млн теңге бөлінген. Бұдан бөлек, вакциналарды тасымалдауға арналған 160 термочемодан сатып алуға 13,6 млн теңге жұмсалды.
Ветеринария мамандары демеушілік қаражат есебінен 1 150 дана жазғы және қысқы арнайы киіммен, сондай-ақ 1 150 жұп арнайы аяқкиіммен қамтамасыз етілді.