«ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС»

0

Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков ұстаздар күніне арналған арнайы шарада педагогтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, оларға алғысын білдірді.

Өз сөзінде әкім білім беру саласында жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің қоғамдағы аса маңызды рөлін ерекше атады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың қоғамдағы орны ерекше екенін айтады. Адал әрі заңға бағынатын азамат тәрбиелеуде мұғалімнің орны айрықша. Қай заманда да баланы оқыту мен оған тәрбие беру – ең ұлы және ұлағатты іс. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаздар. Сондықтан еліміздің келешегі сіздердің қолдарыңызда. Білімді, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу – сіздердің абыройлы міндеттеріңіз. Еліміздің атын әлемге танытар шәкірттеріңіз көп болсын!», — деді Бегзат Сейсенқұлұлы құттықтау сөзінде.

Одан кейін аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрдин Садықов сөз алып, педагогтардың еңбегін жоғары бағалап, олардың еліміздің рухани және интеллектуалдық дамуына сүбелі үлес қосып жатқанын атап өтті.

«Ұстаздар – ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың өнегесі. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында жас буын патриоттық рухта өсіп, білім мен тәрбие алады. Сондықтан сіздерге мол табыс тілеймін. Әрбір ұстаз өз ісіне адал болып, шәкірттерінің жүрегіне жол табады деп сенемін», — деді Нұрдин Есенгелдіұлы.

Шараның маңызды бөлігі ретінде үздік педагогтар мен сала ардагерлері марапатталды. Оларға Жамбыл облысы әкімінің, облыстық білім басқармасының, аудандық білім бөлімінің, аудан әкімінің, аудандық мәслихат төрағасының Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары және басқа да бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бұл марапаттар ұстаздардың еңбегін ел мойындағанының айқын көрінісі. Мерекелік кездесу концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушылардың көңілін көтерді.

Осындай шаралар білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, педагогтардың кәсіби өсуіне серпін бермек.

Әділет САТЫШЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.