Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 7395,7 тонна ет (тірідей салмақта), 36984,5 тонна сүт, 15970,8 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1960,3 тонна ет кем өндірілді, 575 тонна сүт, 147,8 мың дана жұмыртқа артық өндірілді.
Мал басы есебінен мүйізді ірі қара мал саны 88620 басқа, қой 476520 басқа, ешкі 7272 басқа, жылқы 23467 басқа, шошқа 564 басқа, үй құстары 2132211 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2086 басқа, қой 1558, ешкі 46 басқа, жылқы 3035 басқа үй құстары 187652 басқа, шошқа 156 басқа көбейді.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 40427921 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 9568663 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 30 859258 мың теңгеге сатылды.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 44113806 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2025 жылғы сәйкес кезеңге 112,8% құрады.
Инвестиция. Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 37047815 мың теңгені құрады.
Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айында орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 27698024 мың теңгені құрады.