Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Түркияның аграрлық секторды цифрландыру, ауыл шаруашылығы техникасын сынақтан өткізу және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу бағытындағы тәжірибесін зерделеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Маңызды шара Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.
Министрлік өкілдері Анкара және Конья қалаларындағы бейінді мекемелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, Түркияның агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық тұрғыдан дамыту тәсілдерімен танысты.
Анкара қаласында делегация мүшелері ауыл шаруашылығында қолданылатын цифрлық құралдардың мүмкіндіктерімен танысты.