ЕҢБЕКПЕН КЕЛГЕН БЕРЕКЕ

0

Ауыл – алтын бесік, берекенің бастауы, тіршіліктің қайнар көзі. Оның тыныс-тіршілігі мен табиғи болмысында ерекше бір жылылық бар. Таң сәріден тіршілігін бастаған ауыл адамдары жыл он екі ай тынымсыз еңбек етіп, жердің төсінен несібе тереді. Бірі мал бағып, бірі егін егіп, енді бірі шаруашылықтың сан саласын қатар алып жүріп, ел ырысын еселеуге үлес қосады.
Ауылдың ажары да, мерейі де – маңдай терімен нәпақасын тапқан еңбек адамдарының қолында. Сондықтан ауылдағы әрбір науқан, әрбір жиын-терін нағыз төзім мен табандылықты, іскерлік пен ұйымшылдықты талап ететін жауапты кезең. Күз келісімен дала төсінде қызу еңбек басталады. Жаз бойы жайқалып өскен егіннің жемісін жинап, қамбаны астыққа толтыратын шақта ауыл тіршілігі бұрынғыдан да жандана түседі. Көктемде жер жыртып, дән сепкен диқанның жаз бойғы еңбегі дәл осы кезеңде бағаланады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.