Шу ауданында ерекше балалардың қатысуымен мерекелік концерт өтті

0

Шу ауданында Республика күніне орай «Жүректен жүрекке – бір шаңырақ астында!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

28 қазанда өткен шараның басты мақсаты – ерекше балаларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық қабілетін таныту және қоғамда мейірімділік, қамқорлық пен тең мүмкіндік құндылықтарын дәріптеу.

Мерекелік бағдарлама барысында ерекше балалар сахнаға шығып, өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Ән мен би арқылы көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өнерге деген құштарлықтарын көрсетті.

Шарада Отанға деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен татулық, өзара құрмет пен жанашырлықтың маңызы кеңінен насихатталды. Қатысушыларға ізгі тілектер айтылып, балалардың әрбір талпынысы мен жетістігіне қолдау білдірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.