Таразда балалар жүрегін емдеудің қолжетімділігі мен сапасы талқыланды

0

Тараз қаласында туа біткен жүрек ақауы бар балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, ауруды ерте диагностикалау және балалар кардиохирургиясын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Осы бағыттарға арналған баспасөз конференциясы Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында өтті. Іс-шара «Heart Center Foundation» қоғамдық қоры ұйымдастырған «JÜREK» пациенттер мектебі мен Қазақстанның балалар жүрегін емдеу мамандары қоғамының «TARAZ PEDIATRIC HEART FORUM» IV конференциясы аясында өткізілді.

Жиында балалардағы туа біткен жүрек ақауларын анықтау мен емдеудің заманауи тәсілдері, өңірлерде мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және халықаралық клиникалық тәжірибені енгізу мәселелері сөз болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.