Өткен аптада Қордай аудандық Мәдениет үйіне қарасты Степной ауылдық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында «Ұлттар достығы – басты байлығымыз» атты әдеби кеш өтті.
Келешек ұрпақты достық пен бейбітшілік аясында тәрбиелеуде рухани бірлік идеясын тарату, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту, болашақ жас ұрпақтың өз еліне деген мақтанышы арқылы қазақстандық патриотизмге, бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, қоғамда достық қарым-қатынас пен келісімді сақтауға баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада әр ұлттың өкілдері ақын-жазушылардың өлеңдерін, ұлттар татулығы мен бірлігін, байтақ қазақ жері мен дархан қазақ халқы туралы жүрекжарды сөздерін патриоттық сезіммен жеткізді. «Тәуелсіз Қазақ елі – ұлт пен ұлысты ұйыстыра білген егемен ел. Кең-байтақ елімізде талай этнос өкілі тату-тәтті ғұмыр кешуде. Достық пен келісім көрініс тапқан ел болу – бүгінгі күннің міндеті»,– деген жалынды жастардың кеші өте әсерлі өтті.
ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ
Prev Post
Next Post