Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Петропавл қаласында өткен «Ұлттың жаңа болмысы: жастар және азаматтық жауапкершілік» атты республикалық жастар лагерінің жұмысына қатысты. Кездесудің басты тақырыбы президенттік реформалар, олардың жастар әлеуетін ашудағы рөлі және жас буынның Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын іске асыруға қатысуы болды. Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында Халық Кеңесінің мүшелері өңірдегі қоғам өкілдерімен кездесіп, аймақтың ғылыми-білім беру инфрақұрылымы мен Тайынша қаласындағы жаңа IT-орталықтың жұмысымен танысты.
Қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Ерлан Қошанов Президент Жолдауы елді терең жаңғыртуға, оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағдарды айқындайтынын атап өтті. Бұл міндеттерді іске асыру бүкіл қоғамның жұмылуын талап етеді.