ЖАМБЫЛДЫҚ БИБАРЫС ӘШІРБАЙ – ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

0

Жамбыл облысының жас спортшысы Бибарыс Әшірбай халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Дакар қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыстың күміс медалін иеленді.

Бұл – жас спортшының табандылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Бибарыстың жеңісі Жамбыл облысының спорт саласындағы жетістіктерінің қатарын толықтырды.

Жерлесімізді айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз

Leave A Reply

Your email address will not be published.