Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2026 жылғы 19 қараша сағат 11:00-де «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында облыс аумағында халықты құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізілетінін хабарлайды.
Тексеру барысында электр сиреналары мен сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосу арқылы «Баршаның назарына!» сигналы беріледі, жаппай мобильді құлақтандыру жүйесі арқылы хабарламалар жолданады, сондай-ақ теле және радиоарналарды үзіп тарату жүргізіледі.
Тұрғындардан сабыр сақтап, дүрбелеңге түспеулерін сұраймыз. Аталған іс-шаралар оқу-жаттығу мақсатында өткізілмек.