Сарыбұлақ ауылдық округінде ауыл шаруашылығын дамыту және өңірдің су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Құттықов аталмыш округке арнайы барып, «Благовещенский» суару каналын қайта жаңғырту және суармалы жерлерге су беру жүйесінің құрылыс барысымен танысты.
Жаңғырту ісін «Qaz Line Construction» мердігер мекемесі жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта бұл бағытта атқарылған жұмыстардың көлемі мен көрсеткіштері көңіл қуантарлық. Мысалы, каналдың жалпы 15,5 шақырымына бетон құю жұмыстары жүргізіліп, 18 шақырымдық канал жиегі тазартылған, 11,7 шақырым аумаққа трапеция қою жұмыстары атқарылыпты.
Жалпы алғанда, Сарыбұлақтағы «Благовещенский» каналының құрылыс жұмыстары қазіргі таңда 75 пайызға орындалып отыр. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың соңына толық аяқтау жоспарланып отыр.
Бұл маңызды жобаның жүзеге асуы өңірдегі егістік алқаптарын сапалы сумен қамтамасыз етіп, жергілікті шаруалардың жұмысын жеңілдетеді және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға зор үлес қосатын болады.