ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

0

Мұрагерлік қатынастар – азаматтық құқықтың маңызды салаларының бірі. Әрбір азамат қайтыс болғаннан кейін өзіне тиесілі мүліктің заңға сәйкес мұрагерлеріне берілуі – заңмен қорғалатын құқықтардың бірі. Алайда мұрагерлік рәсімдеу барысында мұрагерлер арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулар туындап жатады. Мұндай дауларды заң талаптарына сәйкес шешу азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарады. Мұрагерлік даулардың туындау себептері Мұрагерлік даулар көбінесе мұра қалдырушының өсиетінің мазмұнына қатысты келіспеушіліктерден, мұрагерлердің құқықтарын анықтаудағы қиындықтардан, мұрадағы үлестерді бөлу мәселелерінен және мұраға қалдырылған мүліктің құқықтық мәртебесіне байланысты туындайды.

Сондай-ақ мұрагерлер арасында жылжымайтын мүлікке, тұрғын үйге, жер учаскелеріне, ақшалай қаражатқа және басқа да мүлікке қатысты даулар жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда мұрагерлердің бірі мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алса, енді бір жағдайда өсиеттің заңдылығына күмән келтіріледі. Мұрагерлік құқықтың заңнамалық негіздері Қазақстан Республикасында мұрагерлік қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі. Заңнамаға сәйкес мұрагерлік өсиет бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет бойынша мұра қалдырушы өз мүлкін кімге қалдыратынын алдын ала белгілей алады. Ал өсиет болмаған жағдайда мұра заңда белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі. Сондықтан мұра қалдырушының өсиеті болған күннің өзінде, заңда көрсетілген жағдайларда кейбір тұлғалардың міндетті үлес алу құқығы сақталуы мүмкін. Мұрагерлік құқықтарды жүзеге асыру кезінде мұраны қабылдау мерзімін сақтау, қажетті құжаттарды жинау және нотариусқа уақытылы жүгіну маңызды. Мұрагерлік дауларды сот тәртібімен шешу Егер мұрагерлер өзара келісімге келе алмаса немесе нотариус мұраға құқық туралы куәлік беруден бас тартса, заңда көзделген жағдайларда сотқа жүгінуге болады.

Сотта қаралатын мұрагерлік дауларға өсиетті жарамсыз деп тану, мұрагерлік мүлікке меншік құқығын тану, мұрадағы үлестерді анықтау, мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру және мұрагерлік мүлікті бөлу туралы талаптар жатады. Әрбір іс бойынша сот ұсынылған дәлелдемелерді, тараптардың уәждерін, құжаттарды және қолданыстағы заңнама талаптарын жан-жақты зерттейді. Істің мән-жайларына қарай мұра қалдырушының мүлікке меншік құқығы, өсиеттің заңдылығы, мұрагерлердің туыстық қатынастары және өзге де маңызды мән-жайлар бағаланады. Соттың басты міндеті – істі заң талаптарына сәйкес қарап, тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету. Мұра ашылғаннан кейін мұрагерлердің нотариусқа уақытылы жүгінуі, қажетті құжаттарды ұсынуы және мүлікті бөлу мәселелерінде өзара келісімге келуге ұмтылуы да даулардың алдын алуға ықпал етеді.

М.ОМАРОВА, Қордай аудандық сотының судьясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.