Кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын құру.
Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін Халықты жұмыспен қамту орталығымен шарттық негізде, олардың жалақысын субсидиялай отырып құратын жұмыс орны.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін құрылатын жұмыс орындарын қоспағанда, кезекті қаржы жылына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны жұмыскерлердің тізімдік санының 20%-ынан аспайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінен 35%-ды құрайды, бірақ 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатта болады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу мәселелері бойынша: Халықты жұмыспен қамту орталығына 8(72636) 4-84-96 телефон нөмірі арқылы хабарласыңыздар.
Электрондық пошта:korday_cz@mail.ru
Instagram: centr_zaniatosti_kordai