ЖАМБЫЛДЫҚ ҒАЛЫМ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӨЗБЕК ӘДЕБИЕТІНІҢ РУХАНИ БАЙЛАНЫСЫН ЗЕРДЕЛЕГЕН МОНОГРАФИЯ ЖАРИЯЛАДЫ

0

Тараз университетінің ғалымы бауырлас халықтардың әдеби-мәдени сабақтастығын ғылыми тұрғыдан зерттеп, жаңа монографиясын оқырманға ұсынды.

Жамбыл облысында ғылым мен білім саласын дамыту, отандық гуманитарлық ғылымның әлеуетін арттыру бағытында ғылыми ізденістер жалғасуда. Соның бір дәлелі – М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы Жақып Бейсенұлының «Қазақ және өзбек әдебиетіндегі әдеби-рухани ықпалдастық» атты монографиясының жарық көруі.

Жаңа ғылыми еңбек қазақ және өзбек халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан әдеби-мәдени байланыстарын, рухани жақындығын және ортақ өркениеттік құндылықтарын зерттеуге арналған.

Бауырлас халықтардың рухани сабақтастығы

Қазақ пен өзбек – тарихы тамырлас, мәдениеті сабақтас, рухани дүниесі өзара үндес халықтар. Екі елдің әдеби мұрасында ортақ тарихи кезеңдер, адамгершілік пен ізгілік идеялары, ұлттық дүниетаным мен жалпыадамзаттық құндылықтар кеңінен көрініс тапқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.