Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 8427,5 тонна ет (тірідей салмақта), 40063,5 тонна сүт, 16910,9 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1952,3 тонна ет кем өндірілді, 642 тонна сүт, 151,9 мың дана жұмыртқа артық өндірілді.
Мал басы есебінен мүйізді ірі қара мал саны 88402 басқа, қой 466290 басқа, ешкі 6612 басқа, жылқы 21692 басқа, шошқа 504 басқа, үй құстары 106009 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2363 басқа, қой 1053, ешкі 41 басқа, жылқы 2942 басқа, үй құстары 1432 басқа, шошқа 156 басқа көбейді.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 45798591 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 10258814 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 35269777 мың теңгеге сатылды.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 47799682 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2025 жылғы сәйкес кезеңге 112 % құрады.