Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев, үстіміздегі жылдың 5 маусымында «Республикалық референдум» өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
ҚР «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 20-бабына сәйкес, референдумға дайындық пен оны өткізу орталық, аумақтық және учаскелік референдум комиссияларына жүктелген, ал олардың функциясын орындаушы сайлау комиссиялары болып табылады.
Референдумды әзірлеу мен өткізу жұмыстарына, облыс бойынша 12 аумақтық сайлау комиссияларының 84 және 492 учаскелік сайлау комиссияларының 3748 мүшелері қызмет көрсетеді деп күтілуде.
ОСК-ның арнайы бекітілген күнтізбелік жоспарына сәйкес, облыста аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында даярлық жұмыстары басталып кетті.
Қазір бірінші кезекте, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 24 және ҚР «Республикалық референдум туралы» заңның 25-баптарына сәйкес, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың (сайлаушылардың) тұрғылықты жері бойынша тізімін тиісті жергілікті атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды.
Облыс бойынша референдумға қатысу құқығы бар сайлаушылардың тізіліміне енген азаматтардың нақтыланған тізімі 1 сәуірдегі жағдай бойынша 688001 болып отыр. Ендігі жерде сайлаушылар тізіміне нақты түзетулерді сәуір-мамыр айларындағы азаматтардың көші-қон миграциясының динамикасына және азаматтардың берген арыздарына сәйкес жүргізілуі керек.
ҚР ОСК 2018 жылғы 23 тамыздағы №11/196 «Сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді салыстырып тексеру және ұсыну қағидалары» туралы қаулысына сәйкес, сайлаушылардың тізімін салыстырып тексеруді ҚР ОСК «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бөлінген байланыс арнасы арқылы аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданатындығы айқындалған.
Сондықтан, жергілікті атқарушы органдардың алдында референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдармен жасалынған тізімдерді нақтылау міндеті тұр.
Екінші мәселе: сайлау учаскелерін заң талаптарына сәйкес жабдықтау және референдум комиссияларының бос орындарын толықтыру туралы.
Облыс бойынша 492 референдум учаскесі құрылған, оның 361 мектептерде орналасқан, сондықтан мектептерде жөндеу жұмыстары референдум өткізілетін айда уақытша тоқта тұру керек.
ҚР «Республикалық референдум туралы» заңның 8-бабының 1-тармақшасына сәйкес, референдум әзірлеу мен өткізуге байланысты шығыстар тек қана республикалық бюджет есебінен жұмсалады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен төмендегі шығыстар жабылады:
сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мен олардың қызметіне төленетін жалақы;
сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайды жалға алу, іссапар шығыстарына, ақпараттық материалдарды дайындау.
Ал, үгіт материалдарын қоғамдық ұйымдар даярлайды. Бұл жерде ескеретін бір мәселе бар, ол үгіт материалдарды шығарған ұйымдар, оларды басып шығарған орын мен таралым, оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәліметтер болуға тиіс.
Бұқпантай үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Жалпы, заң талаптарына сәйкес, (18-39-48-бап, 2-1;8-бап, 2т) мемлекеттік және жергілікті органдар референдум учаскелерін телефон, интернет байланыстарымен, электр энергиясының қосымша көздерімен, сумен, компьютерлік техникамен, өрт қауіпсіздігінен, санитарлық нормаларды сақтау және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету және олар дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде кедергісіз кіруіне, дауыс беруіне жағдайлар жасаулары тиіс. Референдум өтетін мекен-жайларда пандустар, тактильді жолақтар орнатылуы тиіс.
Сол сияқты қала, аудан орталықтарында колл-центрлердің жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
Сайлау учаскелерін жабдықтау барысында сайлау учаскесінде дауыс беретін мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы кабиналар жасақталынып, ҚР ОСК бекітілген нұсқаулыққа сәйкес қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Аумақтық комиссиялар: тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністердің аумағында референдум туралы заңның орындалуына бақылауды жүзеге асырады, учаскелік комиссиялардың қызметін ұйымдастырады және олардың материалдық-техникалық камтамасыз етудің жай-күйін бақылайды. ( 22-бап.)
БАҚ, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен пресс-конференция, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларымен, саяси партиялармен қоғамдық ұйымдардың байқаушыларымен кездесулер өткізеді, кездесу барысында референдум алды даярлық жұмыстарымен таныстырылып, референдум туралы заңнан туындайтын нормативтік актілерге түсініктеме береді.
Учаскелік комиссиялар: 23-бапқа сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді қамтамасыз етеді.
Яғни, учаскелерді қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтайды, азаматтарды референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімімен таныстырады және нақтылаумен айланысады. Азаматтарды дауыс беретін күнін, уақытын, учаскенің орналасқан мекен-жайын және оның тәртібі туралы хабардар етеді, учаскеде дауыс беруді ұйымдастырады және т.б.
Ал енді, референдумның қорытындысының нәтижелі болуы, азаматтарымыздың республикалық референдумға қатысуында екендігі белгілі.
Сондықтан, референдумға енгізілген мәселелерді халыққа түсінікті етіп жеткізу үшін үгіт-насихат жұмыстарын пәрменді түрде ұйымдастыру керек
Референдум күні қалаларда, елді мекендерде белгіленген маршруттағы автобустардың қозғалысын реттеу керек.
Сайлау учаскелерінде көпшілікті тартатын іс-шаралар ұйымдастырылуы керек.
С.АЙДАПКЕЛОВ, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы