Сәрсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қордай ауданы бойынша бос тұрған лауазымдарға жәрмеңке өтті.
Қордай ауданы әкімдігі мен халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе отырып өткізген іс-шараға 80-ге жуық азамат қатысып, сала мамандарынан кәсіби кеңес алды. Жәрмеңке барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері Г.Смағұлова мен З.Оразбекова, халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары және аудан әкімдігінің қызметкерлері келушілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін түсіндіріп, «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» жобалары бойынша ақпараттар берді. Сондай-ақ екі қолға бір күрек іздеп келген жастарға мамандығына сәйкес бос жұмыс орындарын ұсынды.