«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес облыстық штабтың мүшесі Л.Буларов, аудандық штабтың мүшелері К.Увалиева және С.Сидоренко «Ақтас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мән-маңызын азаматтарға жан-жақты түсіндіру мақсатымен кездесу өткізді. Штаб мүшелері Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі өзгерістеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Президент Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыруға, суперпрезиденттік басқару нысанынан күшті Парламенті мен мәслихаттары бар саяси жүйеге көшуге, демократиялық процесті жеделдетуге, елдегі бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ауқымды саяси реформалар пакетін ұсынды.
Сонымен қатар, штаб мүшелері Ата заңға енгізілетін өзгерістер көпшілік дауыспен мақұлданса, Парламент пен мәслихаттар рөлінің елеулі түрде күшейетінін, азаматтардың қоғамды басқаруға қатысуының кеңейетінін атап өтіп, қазақстандықтар үшін Конституциялық сотқа тікелей жүгінудің жаңа мүмкіндіктері болатынын алға тартты. Халық қалаулылары парламент жүйесіне енгзілетін өзгерістерді де, яғни Мәжіліс аралас (партияларға және мажоритарлық округтерге пропорционалды) сайлау жүйесі негізінде құрылатынын жеткізді. Кездесу соңында штаб мүшелері азаматтарды Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен жалпыұлттық референдумды қолдауға шақырып, Президенттің осы тарихи шешімі жаңа әрі әділетті Қазақстанды құру жолында жасалған ірі қадам екенін тілге тиек етті.
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ІРІ ҚАДАМ
Next Post