АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

0

«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес партиялық облыстық штабтың мүшелері З.Қадырбекова, Г.Алимбаева және аудандық штабтың мүшесі Е.Бурашев Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерімен және «Гвардейск» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мақсаты мен маңыздылығын таныстыру және түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Штаб мүшелері референдумның мақсатын және конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндіріп, қатысушыларға конституциялық реформалардың бағыттары жайлы, оның ішінде суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып президенттік республика моделіне өту, биліктің бірқатар өкілеттілігін қайта бөлу, парламенттің рөлі мен мәртебесінің өзгеруі, халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту жайында баяндап өтті

Leave A Reply

Your email address will not be published.