Дүйсенбі күні аудан әкімі Мәден Мұсаев кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиынның күн тәртібіне бағалардың тұрақтылығы мәселесі шығарылды.
-Бірінші кезекте тұрғындардың мүдделері назарға алынуы тиіс. Біз бағалардың тұрақсыз өсуіне жол бермеу үшін барлық күшімізді салуымыз қажет, — деді аудан басшысы.
Өз кезегінде кәсіпкерлер азық-түліктің құны өнімнің сату бағасына байланысты дегенді алға тартты. Мәден Тоқтарбайұлы бағаның өсуі халықты толғандыратын әлеуметтік мәселе екендігін айтып, әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағаны негізсіз өсірмеуге бағытталған нақты тапсырмалар берді. Естеріңізге сала кетсек, аталған тауарлардың тізіміне 19 азық-түлік кіреді, олар – нан, күріш, қарақұмық, түтік кеспе, сиыр еті, айран, ірімшік, жұмыртқа, сары май, сұйық май, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп, қант, тұз, сүт, ұн.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі жауапты тұлғаларға сауда нысандарында мониторинг жүргізуді тапсырды.
-Нақты шара қолдану қажет. Әр адам жауапкершілікті сезіну керек, — деген аудан әкімі өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты мерзім белгіледі.
Шолпан САБАНОВА