ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛІ БОЛУЫ ТИІС

0

Сейсенбі күні аудан әкімдігінде аудан әкімі Мәден Мұсаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес отырысы өтіп, оның жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Аппараттық кеңестің алғы сөзі алдағы рефендум науқанынан бастау алды. Бүгінде дайындығы қызған Қордай ауданы өңір бойынша озықтардың алды болып тұр. Түсіндіру жұмыстары кестеге сәйкес үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы мәселеге тоқталып өткен Мәден Тоқтарбайұлы ауыл әкімдеріне тапсырма берді.
«Түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, сайлау учаскелерінің дайындығын пысықтау керек. Сондай-ақ, ақпараттық топ өкілдерінің түсіндіру жұмыстарына тұрғындардың толықтай қатысуын қамтамасыз еткен жөн», — деген аудан басшысы дайындық жұмыстарын тоқтатпау керек екенін баса айтты.
Бүгінде ауданда 54 сайлау учаскесі бар. Әр учаске керекті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, 100 пайызға дайын. Сондай-ақ, рефендумға қатысты аудандық газетте 60-тан астам мақала жарияланып, әлеуметтік желілерге 1000-нан астам пост салынған. Осылайша, дайындық жұмыстарын пысықтаған Мәден Мұсаев сайлау учаскелерін өзі аралайтынын алға тартты. Күн тәртібіндегі екінші мәселе аудандағы кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің біріккен жергілікті кәсіподағының жұмысы тыңдалды. Бұл бойынша қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қуат Иманалиев кеңінен тоқталып, баяндама жасады. Баяндамадан соң Мәден Тоқтарбайұлы ауыл әкімдеріне тиісті тапсырма берді.
«Әр ауылдағы шаруа қожалықтардың жұмыстарына зерделеу жүргізу керек. Қанша қызметкер жұмыс істейді. Соларды осы кәсіподаққа жұмылдыру жұмыстарын жүргізіңдер. Осы бірлестік өкілдерімен кездесіп, кәсіподақтың тиімді тұстарын айтып, оның құрылудағы мақсатын түсіндіру қажет», — деді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.