САНАТТАР БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ

0

Өткен аптада аудан әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Сатымқұлдың төрағалығымен семинар-кеңес өтті.
Аудандағы мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен жиында Мемлекеттік қызмет Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бас мамандары Г.Смағұлова мен З.Оразбекова мемлекеттік қызмет саласында жүргізілген реформаның қыр-сырын түсіндіріп өтті. Енді мемлекеттік қызметшілер санаттарға бөлініп, сол санаттарға сай жалақы алатын болады. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан бірқатар сұрақтар түсті. Біреуі жалақыны әріптестеріне қарағанда аз алатынын айтып шағымданса, көбісі есептеу ерекшеліктерін түсінбеген сыңайлы. Тараздан келген қонақтар әрбір сұраққа толыққанды жауап беруге тырысты.
Айта кетерлігі, кейінгі жылдары мемлекеттік қызметтегілердің жалақысы айтарлықтай өсіп, бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Жиын барысында мемлекеттік саясат үздік мамандарды іріктеу және алға жылжытуды көздейтін меритократия қағидасына бағытталғаны тілге тиек болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.