МАЛ ИЕЛЕРІ НАЗАРЫНА!

0

Жамбыл облысының полиция департаменті Қордай ауданының полиция бөлімінің мәліметтері бойынша Қордай ауданы аумағында 2022 жылдың 2 айында жол-көлік оқиғаларының саны +107,7% немесе (13-27) өскен, онда қаза болғандар саны 200% немесе (2-5) ке өскен, жарақат алғандар саны +294,1% немесе (17-67) өскен. Осы жол көлік оқиғаларына жасалған талдау барысында ағымдағы жылдың 2 айында шаруа қожалық малдарының қатысуымен 6 жол көлік оқиғасы орын алып онда 3 тұлға әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға қайырылған.

Ал, 2021 жылдың 12 айында жол көлік оқиғаларының саны +75,9% (83-116) өскен, онда қаза болғандар саны 25,9% (27-34) ке өскен, ал жарақат алғандар саны +122,4% немесе (116-258) өскен.
Осыған орай жеке меншік иелерімен және фермерлік шаруашылықтардың басшыларымен Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылдың 16 наурыздағы №3-8 «Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына» жалпы Ережелерінде көрсетілгендей көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, автомобиль жолдары иелігіндегі аймақтарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағуды ұйымдастыру үшін жергілікті ауылдық округ әкімдері шешім шығарады және елді мекен жерлерінде жеке сектордың ауыл шаруашылығы малдарын бағуды ұйымдастырады. Жауапкершілікпен қарап, заңда көрсетілген талаптарды орындау әр Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Ауыл тұрғындары жеке малдарыңызға жауапкершілікпен қарап, автомобиль жолдары аумағына қараусыз жібермеуге, жол қаупсіздігін қатаң сақтауға шақырамыз. Қараусыз жатқан малдардың жолға шығып кету кесірінен қаншама бейкүнә жандар жол апатынан қаза болуда. Мал иесінің жауапкершілігі өте жоғары деңгейде болуы керек, өйткені мал иесі толық жауап береді.

Алматы магистральдық желі бөлімшесінің филиалы «Алматы жол дистанциясы» мәліметі бойынша кейінгі кездері адам таситын жүйрік поездардың ауыл шаруашылығы малдарының шойын жолға шығып кету кесірінен шұғыл (экстренный) тормоз тежегіштерін басқан оқиғалары жиі кездесуде. Мысалы: 2022 жылдың 4 айында Алматы-Отар учаскесінде 15 рет шұғыл (экстренный) тормоз тежегіштерін басып оның ішінде 10-да ірі-қара малымен соқтығысқан, бөгде адамдардың болу себебінен 31 шұғыл тоқтау жағдайы орын алған, олардың 3-і адамды басып кету оқиғалары; олардын ішінде 1-дене жарақаттарын алумен аяқталды, 2-орны толмас қайғылы қазамен аяқталды. Бұл келтірілген 1-2 мысал ғана, ал шындығына келгенде ауыл шаруашылығы малдарымен поездардың соқтығысу оқиғалары анағұрлым жиі кездесіп, локомативті миллиондаған шығынға ұшыратуда. Сондықтан поездардың қауіпсіз жүруіне кепіл болу үшін шойын жолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына ескертетініміз, малдарыңызды қараусыз қалдырмай ие болуларыңызды сұраймыз.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы «16» наурыздағы №03-08 шешімімен бекітілген «Қордай ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау» Қағидаларының жалпы Ережелерінде көрсетілгендей көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, темір жол және автомобиль жолдары иелігіндегі аймақтарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағуды ұйымдастыру үшін жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасы негізінде село, ауыл, ауылдық округ әкімдері шешім шығарады және елді мекен жерлерінде жеке сектордың ауыл шаруашылығы малдарын бағуды ұйымдастырады. Жауапкершілікпен қарап, заңда көрсетілген талаптарды орындау әр Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Сондықтан осы мәселеге байланысты темір жол аумағында орналасқан ауылдық округі әкімдігі жер- жерлерде осындай оқиғаларды болдырмау негізінде үгіт-насихат жұмыстарын көптеп жүргізіп, келеңсіз оқиғаларды болдырмаудың алдын алу керек.
Ал ауыл тұрғындарына берер кеңесіміз, жеке малдарыңызға жауапкершілікпен қарап, темір жол, автомобиль жолдары аумағына қараусыз жібермеуге, жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырамыз. Қараусыз жатқан малдардың жолға шығып кету кесірінен қаншама бейкүнә жандар жол апатынан қаза болуда. Мал иесінің жауапкершілігі өте жоғары деңгейде болуы керек.

Б. САДЫРБАЕВ, Қордай ауданы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.