Бала – өмірдің гүлі

0

Гвардейск гарнизонындағы инженерлік-саперлік полкте «Халықаралық балалар күні» мерекесіне орай мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараға балалар мен ата-аналар қатысты. Шара барысында «Бала – өмірдің гүлі» тақырыбында психологиялық тренинг, бала анасын табу, қазынаға апарар жол ойындары және қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ шара соңында балаларға балмұздақ таратылды.
– Бүгін «1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай инженерлік-саперлік полкта мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Қару-жарақ көрмесі және «Бала – өмірдің гүлі» психологиялық тренинг, бала анасын табу, қазынаға апарар жол ойындары ұйымдастырылып өткізілді. Балалардың жүздерінен олардың ата-аналары әскери қызметші екенін мақтан тұтатындығы байқалды, – деді әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Әділбаев.
Айтулы мереке бүкіл әлемде 1-маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді.
Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.