ЦИФРЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ ҚАШАНДА ЫҢҒАЙЛЫ

0

ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?
Ол үшін:
* Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс;
* SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон;
* Компьютеріңізде веб-камера болуы керек;
*Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.
Порталдың басты бетінде еgov.kz «ЭЦҚ қашықтықтан алу»батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде «Рұқсат ету» түймесін басыңыз.
Мобильді азаматтар базасында (МАБ) телефон нөміріңіздің тіркелуін тексеру үшін ЖСН көрсетіңіз. Тексеру сәтті өткен жағдайда 1414 нөмірінен келген SMS-кодты (бір реттік құпиясөз) енгізіңіз;
Назар аударыңыз! Егер сіз бұрын МАБ-та тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе Сізді және телефон нөміріңізді тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынады.
МАБ-та сәтті тіркелгеннен кейін жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексереді;
«ЭЦҚ алуға өту» батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-та тіркелген телефон нөмірін және SMS-кодты енгізу қажет. Енгізгеннен кейін жеке басын растап, (Digital ID жасау),»Бастау» батырмасын басу қажет»;
Сізге селфи суретін қосу терезесі ашылады. Бет-әлпетіңізді ортадағы шеңберге «орналастырып», фото белгісіне басыңыз. Селфи қосқаннан кейін бейне сәйкестендіруді өту үшін «Жалғастыру» түймесін басыңыз;
Әрі қарай сізге бейнесәйкестендіру терезесі ашылады, онда «Бастау» түймесін басу керек. Бейнесәйкестендіру сәтті өткеннен кейін аккаунтқа әрі қарай кіру үшін PIN-кодты ойлап тауып, «PIN-кодты орнату» батырмасын басу қажет»;
Жеке куәліктің фотосуретін жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңіз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз;
Электрондық мекенжайды өтініштің электрондық нұсқасына қосыңыз және кілтті сақтау орнын таңдаңыз, содан кейін оның орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім жіберіңіз;
Бұдан әрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттер қоймасына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және « Ашу « батырмасын басыңыз».
ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз және «сертификаттарды Жүктеу»батырмасын басыңыз.
Қайтыс болу туралы анықтаманы қалай алуға болады?
Жақын адамынан айырылу әр адамның өміріндегі қайғылы оқиға. Қайтыс болған адамды жерлеу, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау, оның зейнетақы жинақтарын алу және мұраны ресімдеу кезінде ұсыну үшін тиісті анықтама қажет болады. Жақындарынан айырылған қазақстандықтар оны онлайн режимінде ала алады.
Ол үшін eGov.kz порталының «Отбасы» бөлімінде «Отбасы жағдайы» бөлімшесіне өтеді. «Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама» қызметін таңдап, ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
Қайтыс болуды тіркеу туралы хабарлама 5-10 минут ішінде жеке кабинетке түседі.
Барлық құжаттарды өзіңізбен бірге алып жүру өте ыңғайсыз. Кейде маңызды құжаттарымызды үйде ұмытып кетіп те жатамыз.
Цифрлық құжаттар әрбір қазақстандықтың өмірін мүмкіндігінше жеңілдетті. Egov mobile қосымшасында жеке куәлік, неке және баланың туу туралы куәліктері, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты және басқа да жиі қолданыстағы құжаттардың цифрлық аналогы бар.
Цифрлық құжаттар ХҚО-да, банктер мен нотариустарда, тіпті ұялы байланыс операторларының сервистік орталықтарында да жарамды. Сондай-ақ, оны әуежайда тіркеліп, поезға отырғанда ұсына аласыз.
Egov mobile қосымшасын Google Play, AppGallery, AppStore арқылы жүктеп алуға болады. Қосымшаны пайдалану үшін мобильді азаматтардың базасында тіркелу қажет.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ –ның
Қордай аудандық ХҚКО

Leave A Reply

Your email address will not be published.