ЕРЕКШЕ ОКУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОЙЫН ТҮРЛЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

0

Әр баланың білім алуда өз ерекшелігі бар. Ерекше оқуды қажет ететін балаларды тұлға ретінде қалыптастырудағы оқытып – үйретудің ерекше тиімді бір формасы — ойын. Ойындардың атқаратын қызметтері сан алуан болып келеді. Ұйымдастырылуына байланысты – интеллектуалдық, эстафеталық, логикалық, дидактикалық, шығармашылық ойындар. Бұл олардың қандай істі болса да атқара алатындықтарына сенімдерін арттырып, еңбекке деген ынтасын дамытады. Жеңіл дене жаттығулары, секіру, тізбек құру, бір қатарда қойылған заттар арасымен жүру, қимылды ойындар дене белсенділігін арттырып, баланың жеңіс үшін қуаныш сезімін, алға ұмтылу сенімділігін оятады. Ойынның басты мақсаты – бала бойындағы, тәртібіндегі кемшіліктерді түзету. Тәрбиелік барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөлу маңызды.
Дефектолог маманы ретінде мен сабағымда ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындарды ойнатуға тырысамын. Ұсақ қол моторикасы сананың жоғары қасиеттерімен әрекеттеседі: зейін, ойлау, елестету, бақылау, көрнекі – бейнелік есте сақтау, сөйлеу.
Саусақ ойындары — балаға ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар жасалады. Саусақ қимылдарына арналған ойындар – саусақтарды біріктіріп гүл, үйшік, қақпа жасау; саусаққа, білекке – ұштағыш, білезік, арала, шымшала жаттығулары орындалады.
Табиғи материалдармен алақан мен саусақты уқалау. Саусақтар мен алақанға арналған массаж жасау балалар үшін өте пайдалы, өйткені саусақтар ми мен ішкі органдармен тығыз байланысты. Табиғи материалдар деп отырғанымыз – шишка, грек жаңғағы, каштан т.б.
Су Джок терапиясы. Су Джок терапия әдісі – дененің барлық бөліктерін, жүйке жүйелері мен дене мүшелерін, қол мен аяққа негізделген әр түрлі ауруларды емдеудің әдісі. Су Джок терапиясын қолданудың мақсаты: қолдар мен аяқтарда орналасқан барлық жүйке жүйелерінің жоғары белсенді нүктелерін ынталандыру (жүйке жүйесін ояту).
Дәнді дақылдар, моншақтар, түймелермен ойын. Бұл ойындар сергітетін әсерге ие. Балаларға ұсақ дәнді дақылдардан, үлкен дәнді дақылдарды бөліп алу, түйме қадау, моншақтарды жіпке тізу сияқты ойындар жатады.
Ермексазбен жұмыс. Ермексаз — жасанды пластилиннен жасалған материал, балалармен жұмыс жасағанға өте ыңғайлы.
Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар болсын, ойындар болсын психофизикалық кемшіліктерді жоюға, тиімділікті арттыруға ықпал етеді.
КӨПЕНОВА Сауле Сейсенқызы
«Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-нің дефектологы

Leave A Reply

Your email address will not be published.