Спорт нысандарының саны артуда

0

Нағыз мықты спорт саңлақтары ауылдан шығатыны сөзсіз. Сондықтан шалғайдағы елді мекендердің спорттық деңгейін көтеру, ауыл жастарын бұқаралық спортқа баулу аса маңызды. Осы мақсатта ауданымыздың шалғай ауылдарына да заман талабына сай спорт кешендерін салу жұмыстары қолға алынған.

Бүгінде ауданда жалпы 349 спорттық нысан болса, биыл солардың қатары тағы толыға түспек.
Өткен жылдың соңында Қарасай және Қарасу ауылдарында іргетасы қаланған спорт кешені құрылысы бүгінде жоспарға сай атқарылуда. Ал, үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған Ауқатты ауылындағы кешеннің құрылысы қызу жүруде. Сондай-ақ, осы ауылға жаздық спорттық алаң салу да жоспарда бар.
Кешенде тренажер, волейбол, күрес залдары болады. Сонымен қатар ауласында спорт ойындарын өткізу үшін қосымша спорттық жабдықтармен қамту орайластырылмақ.
Ауыл жастарын спортпен баулу мұнымен шектелмек емес. Алға, Жамбыл, Ноғайбай, Жаңатұрмыс, Қызылсай, Отар, Шарбақты, Кенен ауылдарында футбол алаңшаларын биылдан қалдырмай салу жоспарда бар.
Қазірдің өзінде Қордай жастарының спортқа қызығушылығы өте жоғары. Сондықтан заманауи спорт кешендерінде жаттыққан жастардың дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көрінеріне сенім мол

Leave A Reply

Your email address will not be published.