4 шілде күні
«AMANAT»
партиясынан депутат, Қордай аудандық мәслихатының хатшысы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен аудандық мәслихат сессиясы өтті. Оның жұмысына аудан әкімі Мәден Мұсаев, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Сессияда «Қордай аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №18-3 «2022-2024 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» сұрақ қаралды. Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абджуалиеваның баяндамасы тыңдалды. Депутаттар бірауыздан енгізілетін өзгерістерді қолдады.
Содан кейін жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша аудандық комиссия құрамы бекітілді. Қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
ОЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Next Post