Еѕбекті ту еткен адамныѕ ертеѕі жарќын болатыны белгілі. Таєдыр жолында кезіккен талай сынаќќа мойымай, ерік-жігерін ќайраєан жанныѕ батыл ќадамдары оны міндетті тїрде биікке жетелейді. Сондай азаматтардыѕ бірі, бїгінде Ауќатты ауылдыќ ардагерлер кеѕесініѕ мїшесі Серік Ќанатов.
Қазақта «Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра» деген сөз бар. Серік аға көргені мол, түйгені тым терең, ең басысы бүгінде ағалық, аталық ақылы кейінгі ұрпаққа шамшырақ болып жүрген жандардың бірі. Атқарған ісін, жасаған жұмысын міндет қылмай, өзгелер сияқты мінберге ұмтымай, адалдық деген қасиетінен айнымаған Серік аға бұл ерекшелік әкесі, майдангер Қанат Бармышовтың қанынан, қазақ әйелдерінің бар қасиетін бойына жиған анасы Күлизадан дарыған болар. Соғыста сонау Қиыр Шығыста жапондармен айқасып, елге аман келген Қанат Бармышов өзінің сол бір жанкешті жолын ешқашан ешкімге міндет етпей, шаруа ғұмыр кешіп, өмірден өткен болатын. Бүгінде әке жолымен оқ жонған ұлы да мерейлі 75 жасқа жетіпті.
1947 жылдың 15 қарашасында Шарбақты ауылында өмірге келген Серік Қанатұлы сол замандағы ауыл балалары сияқты еңбекке ерте араласқан. Соғыс жылдарынан кейінгі қиыншылық заман ешкімнің шалқып өмір сүруіне мүмкіндік берген жоқ. Алдайда, майдангер ұлы үшін қандай іс, қандай жұмыс болмасын шақ келмейтін. Бірінші сыныпқа ауылда барып, кейін орта мектепті Қордайдағы Абай атындағы мектептен аяқтап шығады. Оқуда зеректігі, білімге деген құштарлығы өте жоғары болған. Ол кезде мектеп бітіп қала қайдасың деп оқу іздеп жөнеп беретін кез емес. Ауылға еңбегің сіңу қажет… Осылардың барлығын ойдағыдай орындаған Серік Қанатұлы араға бес жыл салып тек 1970 жылы Алматыдағы Зоотенхика-мәлдәрігерлік институтына оқуға түсіп, «Зоотехник» маманы болып шығады. Жолдамамен оңтүсіктің жігіті Солтүстік Қазақстан облысына жіберіліп, Преснов ауданында «Троебрат» мал бордақылау кеңшарынан бірақ шығады. Арада бір жыл өткенде жас маман әскер қатарына шақырылып, Грузияның Батуми қаласында Отан алдындағы борышын өтейді. Сол жылдары өзінің өмір жары Ақалтын Қанатовамен танысып, бұл таныстық жарты ғасырлық өмір жолына ұласады. Ол жайында сәл кейінірек. 1973 жылы елге оралған Серік аға сол жылдары аты дүрілдеп тұрған Ленин Орденді «Трудовик» колхозы, қазіргі Ауқатты ауылында өз мамандығы бойынша аға зоотехник болып орналасады. Кейін бас зоотехник болып, колхоз жұмысына араласып кете барады.
Тосыннан келген тоқсаныншы жылғы тоқырау «Трудовиктің» де әлеуетін әлсіретіп, экономикасын шатқаяқтатып жібергені ел есінде. Жеке қолға өткен шаруашылықтар, жұмыссыздық пен өзге де әлеуметтік жағдайдан шығар жолды сол кезде барлығы іздеді. Бірі бизнеске кетсе, бірі басқа нәпақа табу жолдарын қарастырды. Ал, Серік Қанатұлы шаруа қожалығын ашып, 1996 жылдан 2000 жылға дейін соны дамыту жұмысына кіріседі. 2000 жылдары ауылдық әкімдікке білікті мамандар, шаруа жайын білетін жандар қажет болып Ауқатты ауылдық округі әкімінің орынбасары болып тағайындалып, он жыл мемлекеттік қызметтің ыстық-суығына төзіп, ауыл дамуына өзіндік мол үлесін қосып, оны абыроймен атқарады.
2010 жылы зейнтке шыққан соң да арқаны кеңге салған жоқ. Ауылдық ардагерлер кеңесіне он жыл төрағалық етіп, қоғамдық өмірге белсене араласты. Еткен еңбегі ескерліп түрлі деңгейдегі марапаттарға да ие болды. Өзі құрған «Дербес» шаруа қожалығы жұмысын дамытуға күш салып, бүгінде оны аталмыш округтері мықты шаруашылықтар қатарына қосты.
Былтыр елу жылға жуық бірге тұрып, өмірдің барлық ащы-тұщысынан бірге өткен жары Ақалтын өмірден өтті. Алайда, «Ұрпағымен мың жасайды» демекші, бүгінде бір қыз бен екі ұлдан тараған немерелерінің қызығына тоймауда. Үлкен қызы Эльмира мен ұлы Тимур Алматыны мекен еткендеріне талай жылдың жүзі болды, құқық қоғау органдарында қызмет еткен кіші ұлы Қуаныш қазір үйдегі бар тіршілікті келіні Алма екеуі ұршықша иіріп отыр. Олардан көрген немерелері көз қуанышы.
Бүгінде 75 жасқа келіп, ағайын-туыс, дос-жаран арасында сый мен құрметке ие болып отырған Серік Қанатұлына жүз жасаңыз, отбасыңыздан береке кетпесін, деген тілегімізді біз де білдіреміз.
Ж.ОМАРОВ