АҚ ЖАУЛЫҚТЫЛАР ЖАУЛЫҚТЫЛАР ШЕРУІ ӨТТІ

0

1 қазан – қарттар күніне орай аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы аналар алқасының бастамасымен дүйсенбі күні «Дәстүрге жол» жобасы аясында аудан орталығында «Кимешек шеруі» атты іс-шара өтті. Аудандық Мәдениет үйінің алдында жиналған ақ жаулықтылар халық әндерінен шашу шашып, қазақтың ұлттық билерін орындап көпшілікті тәнті етті. Сондайақ, Қордай, Кенен, Сарыбұлақ, Әлжан ана, Қаракемер ауылдық аналар алқаларының мүшелері ұлттық нақыштағы жәдігерлер көрмесін ұйымдастырды. Мұнда жұртшылықтың назарына аналардың қолынан шыққан құрақ көрпелер, моншақталған «Махаббат» көрпесі, киіз, текемет, ұлттық ыдыстың түрлері ұсынылды. Шара барысында асыл әжелеріміз ұршық иіру, жүн түту, киіз басу сынды дәстүрлерімізді көрсетті.
«Бүгінгі шарамыз ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді жаңғырту, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету, үлкендер мен жастардың арасында байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылып отыр. Мұндай игі бастама еліміздің барлық өңірінде жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені жас буын атабабаларының тұрмыс-тіршілігінен хабардар болуы керек. Қазақтың әрбір ұлттық дәстүрінің тәрбиелік мәні бар»,- дейді Кенен ауылдық аналар алқасының төрайымы Күлсара Мұнтанаева. Көнекөз аналарымыздың мұрындық болуымен өткен шеру «Қордай» гуманитарлықэкономикалық колледжінде жалғасын тапты. Аудандық Мәдениет үйі алдынан бастап орталық алаң арқылы колледжге дейін жаяу жүріп өткен көрегенді әжелер оқу орнының алдында студенттермен кездесіп, шараның мақсатын түсіндіріп, оның жас ұрпаққа берер тағлымына тоқталып өтті. Осыдан кейін шеруге қатысушылар №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейіне барды. Мұнда мектеп оқушыларына қазақтың ұлттық бас киімдерінің тарихы кеңінен баяндалып, кимешектің киесі жайлы әңгіме өрбітілді. Ісшараның соңында қазыналы қарттарымыз бен білім ордасының оқушылары естелікке суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.